Жаңалықтар

Алматыда шетелдік компанияларды бопсалаған хакер ұсталды

Алматыда кибершабуылдардан кейін шетелдік компаниялардан криптовалюта түрінде ақша бопсалады деген күдікпен хакер ұсталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлесіп, бірқатар киберқылмыстарға қатысы бар деген күдікпен Алматы тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Тергеу мәліметінше, ер адам шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз кіріп, зиянды бағдарлама орнатқан. Ол бағдарламалар компаниялардың деректерін шифрлап, сол деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен.

Тінту барысында күдіктіден шабуыл жасауға пайдаланылған құрал-жабдықтар мен өзге де материалдар тәркіленді. Басқа мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекспен белгіленген шектеулерге байланысты жарияланбай отыр.