Жаңалықтар

Алматыдағы балалар үйінен өрт шықты

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады

Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Алтын орда көшесінде орналасқан балалар үйінің асханасында өрт шықты. 

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды дер кезінде ауыздықтаған. Әкімшілік өкілдерінің мәліметінше, барлық тәрбиеленушілер мен қызметкерлер шұғыл эвакуацияланып, қауіпсіз аймаққа шығарылған.

Бақытымызға орай, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.