Қаныш Сәтбаевтың немересі өмірден өтті
Қаралы хабарды Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеткізді.
Қазақтың ұлы геолог-ғалымы, академик Қаныш Сәтбаевтың немересі Әлима Жармағамбетова дүниеден озды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz .
Ол жүздеген шәкірт тәрбиелеп, магистранттар мен докторанттарға «Кинетика және катализ», «Экологиялық катализ», «Мұнай химиясы», «Полимермен тұрақтандырылған наноқұрылымды катализаторлар» сынды пәндер бойынша дәріс берген.
Министрдің айтуынша, ол 300-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Оның ғылыми мақалалары Scopus базасының жоғары рейтингісі бар журналдарда жарияланды. Әлима Қайнекейқызы халықаралық деңгейде де танымал ғалым. Германия, Франция, Италия, Финляндия, Мажарстан, Түркия, Ресей және Өзбекстан секілді елдерде өткен ғылыми конференцияларға қатысып, қазақ ғылымын әлемге танытқан.