сәрсенбі, 18 ақпан, 2026 3:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарағанды облысында ауыл тұрғындарынан марихуана мен гашиш тәркіленді

Қарағанды облысында ауыл тұрғындарынан марихуана мен гашиш тәркіленді
Ішкі істер министрлігі
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысында заңсыз есірткі айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция жүргізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңірдегі ауылдардың бірінің 45 жастағы тұрғыны басқарған автокөлікті тоқтатты. Көлік ішінде жүргізушіден бөлек, оның 48, 39 және 32 жастағы үш ауылдасы болған.

Тексеру және мұқият тінту нәтижесінде ірі көлемдегі есірткі заттары анықталып, тәркіленді. Атап айтқанда, жүргізушіден 1,3 келі марихуана табылса, 48 жастағы жолаушыдан қосымша 4 келі марихуана мен 112 грамм гашиш алынды.

Сонымен қатар медициналық сараптама қорытындысына сәйкес көлік ішіндегі барлық төрт азаматтың да есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар