Жаңалықтар

Астанада қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

  Астаналық азамат автобус ішінде рюкзагын ұмытып кеткен, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz polisia.kz сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қоғамдық көлікте бөтеннің мүлкін ұрлаған 32 жастағы азаматты анықтады.

Полицияға қала тұрғыны арызданған. Ол кейін қоғамдық көлікте рюкзагын қалдырып кеткенін байқаған. Рюкзактың ішінде құжаттар, әмиян және жеке заттар болған. Бұл әрекеттен жәбірленушіге материалдық шығын келтірілген.

Көп ұзамай жедел уәкілдер бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам өз кінәсін мойындап, иесіз қалған затты көріп, оны ұрлап кеткенін айтты.

Сөмке ішіндегі заттармен бірге полицейлер тарапынан тәркіленіп, иесіне қайтарылды.