Жаңалықтар

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты басталды

Бүгін елордада пара хоккейден (B-пул) әлем чемпионаты басталды.

 Бүгін, 6 қыркүйекте, елорданың «Тарлан» мұз айдынында пара хоккейден (В-пул) әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Жарасбаев Серік Маратұлы, сондай-ақ Халықаралық пара хоккей федерациясының техникалық делегаттар басшысы Питер Андерссон қатысты.

Чемпионат 6–11 қыркүйек аралығында өтіп, оған Италия, Жапония, Швеция, Қазақстан, Франция және Финляндия құрамалары қатысуда. Турнир айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылып, қорытындысы бойынша алғашқы екі орын алған командалар А тобына өтеді.