Жаңалықтар

Астанада құрылыс алаңында кран аударылып, жұмысшы қаза тапты

Астана қаласы Тұрар Рысқұлов көшесі 18/5 үй мекенжайында орналасқан «Абырой» тұрғын үй кешені аумағында қатты жел салдарынан кран аударылып қалды.

 Оқыс оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Желідегі ақпаратқа сәйкес 18 шілде сағат 20:07 шамасында желдің кенеттен қатты соғуы салдарынан құрылыс алаңында мұнаралық кран аударылып, бір жұмысшы тіл тартпай кеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz kaz.inform.kz сілтеме жасап.

Осы оқиғаға қатысты BI Group құрылыс компаниясы түсініктеме беріп, кран техникалық жағынан дұрыс күйде болғанын мәлімдеді.

Бұдан бөлек BI Group құрылыс компаниясы қаза болған адамның отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.

Бұған дейін Ақмола облысында монтаждау жұмыстары кезінде болған апаттан екі адамның қаза тапқанын жазғанбыз.