Жаңалықтар

Астанада Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

6-7 қыркүйек күндері өтетін жәрмеңке «Қазанат» атшабарында, нақтырақ айтқанда Қарқаралы 1Б мекенжайында ұйымдастырылған.

Елордада әулиеаталық тауар өндірушілердің дәстүрлі жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz aqjolgazet.kz сілтеме жасап.

Жамбыл облысы әкімінің орныбасары Әбілхайыр Тамабек жәрмеңкені аралап, баға бағамын аралап көрді. Тауар өндірушілермен тілдесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласына жауапты аймақ басшысының орынбасары жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін әлеуметтік маңызы бар шараға біркісідей атсалысқан барша жамбылдық еңбек адамдарына азаматтық алғысын білдірді.

Биыл Жамбыл облысынан арнайы жәрмеңкеге 250 тоннадан астам барлық әлеуметтік маңызы бар тауар жеткізілген. Атап айтқанда, 30 тоннадан астам ет, 15 тоннадан астам сүт өнімдері, сондай-ақ 200 тоннадан астам көкөніс-бақша өнімі елорда тұрғындарына ұсынылды.

Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлебек Құлекеевтың айтуынша, жамбылдық шаруаларға өз өнімдерін саудалауға «Елорда базарында» барлық қолайлы жағдай жасалған.

Жәрмеңкеде елордаға қоныс аударған жамбылдық тұтынушылардың қарасы қалың. Солардың бірі – Эльмира Медетбекова.

Айта кетейік, екі күнге жоспарлаған шарада Жамбыл облысынан келген өнерпаздар қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарлама ұсынады.