Жаңалықтар

Қазақстанда нашақорлыққа қарсы күрестің жаңа жоспары әзірленіп жатыр

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм-арнасында жазды.

Қауіпсіздік кеңесінің тамызда өткен отырысында Мемлекет басшысы нашақорлықтың таралуын төмендету үшін еріктілер мен жастар ұйымдарын тарта отырып, кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.

Қыркүйекте республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін бірлескен меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Құжат жобасы қолданыстағы 2023–2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарды іске асыру тәжірибесі негізінде әзірленіп жатыр;

Осылайша нашақорлықтың таралуына қарсы күрес жұмысы жандана түсті:

50,4 тонна есірткі және 105,2 тонна прекурсор тәркіленді;

25 ұйымдасқан қылмыстық топ, оның ішінде 4 трансұлттық топ жойылды;

71 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды;

есірткі саудасымен айналысатын 6 мың сайт бұғатталды;

есірткі таратушылардың 2,5 млрд теңгеден астам сомасы бар 44 мыңнан аса банк картасы бұғатталды.

Қазір 2026–2028 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері аталған жобаны талқылады.

Жаңа жоспар әлдеқайда ауқымдырақ – 109 тармақтан тұрады (қолданыстағы жоспарда – 77 тармақ);

Нашақорлықтың алдын алу мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген;

Жаңа технологиялар енгізіледі (есірткі таратушылардың желілік белсенділігін шектеу үшін ЖИ-ді пайдалану, электронды транзакцияларды бақылау және т.б.).