Жаңалықтар

Қазақстанда оқушыларға арналған жаңа оқулықтар шығарылады

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

2027 жылы 1 және 5 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар шығару, 10-11 сыныптарға арналған оқулықтарды өзектендіру жоспарлануда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрдің айтуынша, 2026 жылы 3, 4, 7, 8 және 9 сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылатынын атап өтті. 2027 жылы 1 және 5 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар шығару, карталарды, тарихи және әкімшілік материалдарды толық ауыстыра отырып, 10-11 сыныптардың оқулықтарын өзектендіру жоспарлануда.
Ал 2028 жылы 2 және 6 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар шығарылмақ.

Сонымен қатар өндірісте теориялық дайындық пен кәсіби дағдылардың тиімді үйлесімін қамтамасыз ететін дуальды оқыту жүйесін күшейте отырып, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ерекше назар аударылады.

Министрлік өскелең ұрпақты оқытудың және лайықты тәрбиелеудің барлық сатыларында білім беру сапасын арттыру арқылы зияткерлік ұрпақты қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады.

Тәрбие жұмысы 5-9 сыныптарды қамтитын «Адал Азамат» Бірыңғай бағдарламасын, «Конституция негіздері», «Заң мен тәртіп» курстарын, экологиялық білім беруді енгізу арқылы күшейтіледі, бұл азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді, әлеуметтік және экологиялық құзыреттерді қалыптастырады.