Жаңалықтар

Қазақстанда «үй жанындағы дүкендердегі» бағаны бақылау күшейтіледі

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

 Мемлекет басшысының атаулы әлеуметтік көмекке көшу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Қазақстанда бағаларды бақылауды күшейтуге және халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге бағытталған шаралар іске асырылуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлерін ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылуда. Ваучермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды сауда үстемесіз бағасына сатып алуға мүмкіндік береді. Пилоттық жобаны Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында 5 мыңға жуық АӘК алушылардың қатысуымен өткізу жоспарлануда.