Қазақстандық Асу Алмабаев UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді
Асу Алмабаев (21-3) аралас жекпе-жектен Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC on ABC 9 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Алмабаев бұл жолы перулік спортшы Хосе Очоамен (8-1) жекпе-жекке шықты. Жекпе-жек ең жеңіл салмақ дәрежесінде өтіп, үш раундқа жоспарланған болатын. Тартысты кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Асу Алмабаев өзінің кәсіби мансабындағы 22-жеңісін тіркеп отыр. Ал Хосе Очоа үшін бұл профи ММА-дегі екінші жеңіліс. Алмабаевтың UFC-дегі рекорды қазір 5 жеңіс және 1 жеңілістен тұрады.