дүйсенбі, 20 сәуір, 2026 18:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады
Фото: Stan.kz
2026 жылдың мамыры Қазақстан тұрғындары үшін демалыс күндеріне бай айлардың бірі болмақ.

2026 жылдың мамыр айында қазақстандықтарды бірнеше мемлекеттік мерекеге байланысты қосымша демалыс күндері күтеді. Бұл айдағы демалыс күндері ресми мерекелер мен олардың ауыстырылуына байланысты ұзартылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мамыр айындағы мерекелер:
• 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні (жұма);
• 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні (бейсенбі);
• 9 мамыр – Жеңіс күні (сенбі, демалыс 11 мамырға ауыстырылады);
• 27 мамыр – Құрбан айт (сәрсенбі).

2026 жылдың ерекшелігі – Жеңіс күніне байланысты демалыстың 11 мамырға ауыстырылуы, бұл мамыр ортасында ұзақ демалыс жасауға мүмкіндік береді.

1 мамырға байланысты:
Бес күндік жұмыс аптасында – 1, 2, 3 мамыр демалыс күндері болады.
Алты күндік жұмыс аптасында – 1 мамыр демалыс, 2 мамыр жұмыс күні, 3 мамыр жексенбілік демалыс.

7 және 9 мамыр мерекелеріне байланысты демалыс күндері ұзарады. Бес күндік жұмыс аптасында 7 мамыр демалыс, 9–11 мамыр демалыс күндері болады. Алты күндік жұмыс аптасында демалыс және жұмыс күндері бөлек кестемен жүреді.

Құрбан айтта 27 мамыр демалыс күні болып белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасында мамырдың соңында сенбі-жексенбі демалыс күндері сақталады, алты күндік жұмыс аптасында жексенбі демалыс болады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар