Қазақстанның 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Қазақстанның бірқатар ірі қаласында 21 қыркүйекте ауа сапасы төмендейді.
Синоптиктер тұрғындарға сақ болуды ескертті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының (тымық ауа, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ кезінде тұрғындарға мынадай ұсыныстар беріледі:
Ауада ұзақ уақыт болмауға, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластау көздерінің жанында жүруден аулақ болуға кеңес беріледі;
Тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық сырқаты бар адамдар өздерімен бірге қажетті дәрілерін алып жүргені жөн;
Үйдегі терезелер мен балкон есіктерін жабық күйде ұстау ұсынылады;
Сыртқа шыққанда қорғаныс бетпердесін (маска) тағу қажет.