Жаңалықтар

Қазақстанның цифрлық болашағын бейнелейтін жаңа логотип ұсынылды

Жаңа министрліктің логотипінде ұлттық орнамент - шаңырақ бейнеленген

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жаңа логотипін таныстырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрліктің мәліметінше, логотип Қазақстанның жоғары технологиялық әрі тұрақты цифрлық экожүйесін құруға бағытталған стратегиялық бағытын бейнелейді.

Шеңбер – ұлттық мәдениет пен бірліктің негізі саналатын шаңырақты, сондай-ақ әлемдік масштаб пен планетаны білдіреді. Осылайша, Қазақстанның әлемге ашықтығын айқындайды. Шеңбер ішіндегі шаршы – ұлттық AI-инфрақұрылымының өзегін құрайтын микрочип пен суперкомпьютерлік жүйелерді білдіреді.

Тор – цифрлық матрицаны еске салады. Мұндағы әрбір ұяшық жалпы қозғалыстың: мемлекет, бизнес, ғылым мен қоғамның элементі.

Логотип түстері – дәстүр сабақтастығы мен болашаққа ұмтылысты бейнелейді.

Айта кетейік, жақында Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылған еді.