Берік Нәжімиденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды
Айта кетейік, Берік Нәжімиденов 2021 жылы Жоғарғы соттың судьясы болып сайланған еді.
Бүгін Сенат депутаттары Мемлекет басшысының ұсынуымен Жоғарғы сот судьясы Берік Нәжімеденовті қызметінен босатты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов жоғарғы палатаның пленарлық отырысында Мемлекет басшысының судьяны қызметінен босату жөніндегі ұсынысын енгізді.
Сенат депутаттары бұл судьяны қызметінен босату туралы шешімді бірауыздан қолдады.