сәрсенбі, 8 сәуір, 2026 14:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл 167 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Биыл 167 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Фото: gov.kz
1 сәуірдегі жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 31,1 мың отбасындағы 167,4 мың адамға 7,9 млрд теңге сомасында тағайындалды.

Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Осы жылдың 1 сәуіріне АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 51,7 мың балаға 942,1 млн теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;

- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар