Жаңалықтар

Ел аумағына жұмыртқа әкелуге уақытша шектеу енгізілді

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің мәліметінше, тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілген.

Бұйрық 2025 жылғы 11 желтоқсанда күшіне енген.