Жаңалықтар

Елордада жұмыс кестесінің өзгеруі: бұл қай мекемелерге әсер етеді

Астанада бірнеше ұйым 15 қыркүйектен бастап жаңа жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейтін болады.

   Бұл шешім жолдарда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қала әкімдігінің мәліметінше, өзгерістер қала орталығында орналасқан мемлекеттік және жартылай мемлекеттік құрылымдарға қатысты болады.

Жеке сектор, бизнес, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, ХҚО және басқа әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесі өзгермейді.

Айта кетейік, кейбір министрліктер мен мемлекеттік органдардың жұмыс күні бұрыннан 8:00-де басталады.

Бұл шаралар негізгі магистральдардағы таңғы және кешкі сағаттардағы көлік ағынын азайтуға бағытталған.