Жаңалықтар

ЕО мен Ұлыбритания көшбасшылары Аляскадағы саммит қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады

Олар Киевке қару-жарақ жеткізудегі кез-келген шектеулерді тыюға ниетті

ЕО мен Ұлыбритания көшбасшылары Аляскадағы саммит қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  baq.kz-ге сілтеме жасап

Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкциялық қысымды күшейте түсіп, Украинаны ары қарай да қолдайтынын мәлімдеді.

Олар Киевке қару-жарақ жеткізудегі кез-келген шектеулерді тыюға ниетті екендіктерін және Ресей Украинаның ЕО мен НАТО-ға кіруіне тосқауыл болмауы керектігін атап өтті. Украина "қауіпсіздіктің сенімді кепіліне" ие болуы керек, ал оның Қарулы Күштері "ешқандай шектеулерге ұшырамауы тиіс".

Сондай-ақ, Украина Ресеймен қақтығысты реттеу аясында өз территориясына қатысты шешімді өзі қабылдауы керектігі де баса айтылады.