Еуропада жыл сайын 800 адам ішімдіктің салдарынан қайтыс болады
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді
Еуропада жыл сайын 800 адам ішімдіктің салдарынан қайтыс болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еуропа елдерінде алкогольді шамадан тыс тұтынуға байланысты өлім-жітім көрсеткіші өсіп келеді. Сарапшылардың мәліметінше, әрбір 11-ші өлім жағдайына ішімдік тікелей себеп болады.
Ұйым деректеріне сәйкес, алкогольдің салдарынан жыл сайын шамамен 800 мың адам көз жұмады.
Мамандар ішімдіктің қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әсер етіп қана қоймай, адамның ойлау қабілетін әлсіретіп, мінез-құлқының өзгеруіне әкелетінін атап өтті. Сонымен қатар мас күйде жасалатын жол-көлік оқиғалары мен зорлық-зомбылық фактілері де жиі кездеседі. Осыған байланысты ДДСҰ өкілдері қоғамды зиянды әдеттен бас тартуға шақырды.