Гонконгте үш күндік аза тұту жарияланды
Гонконгтың орталық бөлігінде халық қаза тапқандарды үш минут үнсіздікпен еске алды
Гонконгте үш күндік аза тұту жарияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тай По ауданындағы тұрғын үй кешенінде болған жойқын өрттен кейін ғимараттардағы тулар дүйсенбіге дейін төмен түсіріліп, барлық ресми шаралар уақытша тоқтатылды.
Көпқабатты үйлерді шарпыған өрт 128 адамның өмірін қиып, тағы 200-ге жуық адаммен байланыс әлі орнатылмады.
Бұл соңғы 80 жылда қалада тіркелген ең ауыр өрт. Билік құтқару жұмыстары аяқталғанын мәлімдегенімен, қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.