Жаңалықтар

ІІМ ДНҚ-технологияларының көмегімен 2016 жылғы кісі өлтіру қылмысын ашты

Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу мәселесі Ішкі істер министрлігінде ерекше бақылауда

  2016 жылы Астана қаласында аса ауыр қылмыс орын алды: 80 жастағы әйелді өлтіру. Қылмыскер зейнеткердің үйіне кіріп, оған зорлық-зомбылық көрсетіп, соққыға жыққан және жасаған қылмыс ізін жасыру үшін оқиға орнынан бой тасалаған. Қылмыс орнын қарау кезінде криминалистер көзге нашар көрінетін биологиялық іздерді тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz сілтеме жасап. 

Сол іздерден ДНҚ-код алынды. Алайда тоғыз жыл бойы қылмыс ашылмай келді, қылмыскер әділдік пен жазадан қашып жүрді.