Жаңалықтар

Инвестициялық серпін – жаңа жобалар, жаңа жұмыс орындары

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды

Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Жыл басынан бері облысқа тартылған инвестиция көлемі 57,5%-ға артып, 245,5 млрд теңгені құрады. 2025 жылға жоспар – 826,4 млрд теңге.

2029 жылға дейінгі инвестициялық портфельде:
    •    62 жоба,
    •    Жалпы құны – 3,5 трлн теңге,
    •    Жаңадан 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

2025 жылы 
    •    608,4 млрд теңгеге 30 жоба жүзеге асырылады,
    •    Бұл арқылы 1363 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Жоба бағыттары:
    •    АӨК: 220,3 млрд тг, 17 жоба, 1397 жұмыс орны;
    •    Өнеркәсіп: 1,8 трлн тг, 28 жоба, 3915 жұмыс орны;
    •    Туризм: 14,3 млрд тг, 11 жоба, 178 жұмыс орны.