Жаңалықтар

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға сапарын кейінге шегерді

Оған себеп Италия Үкіметінің басшысы Джорджа Мелони Рим Папасы Францискті жерлеу рәсіміне қатысады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келетінін хабарлаған едік.