дүйсенбі, 30 наурыз, 2026 19:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Kaspi.kz мобильді қосымшасында МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру қызметі жетілдірілді

Kaspi.kz мобильді қосымшасында МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру қызметі жетілдірілді
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі мәлімдеді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктермен жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қор мен «Kaspi Bank» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде енді Kaspi.kz пайдаланушылары сақтандыру мәртебесін тексеру кезінде өткізіп алған барлық жарналарды бір төлеммен төлей алады. Қызмет ағымдағы айдан бастап төлеу қажет кезеңдерді автоматты түрде анықтап, қалыптастырады.

Бұған дейін дербес төлеушілер 12 айға алдын ала жарна төлеген кезде әр айдың деректерін бөлек енгізуге мәжбүр еді. Соның салдарынан кезеңдерді көрсету кезінде қателіктер жиі орын алды. Енді мұны бір төлеммен жүзеге асыруға болады. 

Бұл шешім пайдаланушыларға МӘМС жүйесі аясында медициналық көмекке қол жеткізу үшін жарналарды жылдам әрі дұрыс төлеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қызмет төлеушінің типін автоматты түрде анықтап, дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарна мөлшерін дұрыс есептейді.

Kaspi.kz қосымшасында мәртебені тексеру және жарналарды төлеу қызметі келесі бөлімде қолжетімді: Төлемдер → Айыппұлдар мен салықтар → Сақтандыру мәртебесін тексеру.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар