бейсенбі, 26 ақпан, 2026 3:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үкімет өңірлердің су тасқынына дайындық барысын тексеруді бастады

Үкімет өңірлердің су тасқынына дайындық барысын тексеруді бастады
Фото: primeminister.kz
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары барысында Қарағанды облысы өңірінің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді.

Сондай-ақ су басу қаупі бар Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет және Абай аудандарындағы негізгі гидротехникалық құрылыстар мен елді мекендердің жағдайын бағалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Нұра және Шерубай-Нұра өзендері бойындағы ауылдар, соның ішінде Көкпекті, Байқадам, Петровка, Сарытөбе, Ботақара, Шешенқара, Қарашоқы, Бесоба, Ақсу-Аюлы, Қайрақты, Нұраталды, Ақсу және Шопа тексерілді. Сондай-ақ «Байқадам», «Миньковская», «Шерубай-Нұра», «Жартас», Самарқанд және Ащысу су қоймалары, Красная Поляна мен Чкалов ауылдарының қорғаныс бөгеттері қаралды.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметі бойынша, негізгі дайындық жұмыстары аяқталған: 25 км қорғаныс дамбалары мен бөгеттер нығайтылды, 28 км өзен арналары санацияланды, 21 км дренаж жүйесі тазартылды, 54 автожол учаскесінің су өткізу қабілеті артты, төрт гидротехникалық нысан жөнделді.

Өңірде су тасқыны қаупі бар 139 елді мекен және 130 қауіпті жол учаскесі бақылауға алынған. 217 су шаруашылығы нысаны тұрақты мониторингте тұр. Қазіргі уақытта су тасқыны жағдайы тұрақты, негізгі су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді, кейбірінен санитарлық су жіберілуде.

«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталып, азаматтық қорғаудың барлық күштері 1 наурыздан бастап жоғары дайындыққа көшіріледі. Жауап беру шараларына 3 579 адам мен 1 047 техника бірлігі жұмылдырылған.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар