Мұхтар Шахановтың келіні ақынның денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады
Оның айтуынша, ақынның денсаулығы күрт нашарлап, жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Жаңагүл Өмірбекова Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазған.
Әлеуметтік желіде өзін белгілі ақын Мұхтар Шахановтың келіні ретінде таныстырған Жаңагүл Өмірбекова қайын атасының қазіргі жағдайына байланысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ақынның денсаулығы күрт нашарлап, жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Жаңагүл Өмірбекова Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазған.
Жазбада ол Мұхтар Шахановтың айтқанын тез ұмытып қалатын науқас күйде екенін, сондай-ақ жақында екінші ұлынан айырылғаннан кейін психоэмоционалдық жағдайы айтарлықтай әлсірегенін атап өтті. Оның сөзінше, қазіргі таңда ақын қоғамда болып жатқан оқиғалардан мүлдем бейхабар.