Жаңалықтар

Мұнай бағасы қайта құлдырады

Мамандар мұнай бағасы Украинадағы жағдай мен АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздерге тікелей тәуелді екенін атап өтті.

  Аляскада Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуінен кейін мұнай нарығында баға құлдырады. Brent маркалы мұнай баррелі 32 центке арзандап, 65 доллар 53 центке түсті. Ал WTI маркасы 23 центке төмендеп, 62 доллар 57 цент деңгейінде саудаланып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  atamekenbusiness_qaz сілетеме жасап 

Сарапшылар бұған Ресей мұнайының жеткізілуіне қатысты шектеулердің қысқаруы себеп болғанын айтады. Трамптың Мәскеуге қарсы жаңа санкциялардан бас тартуы да инвесторлардың көңіл-күйіне әсер етті. 

Дегенмен, нарықтағы геосаяси белгісіздік әлі де сақталып отыр.