Мамырдағы мерекелер: ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 09:20
- 1
Ресми ақпаратқа сәйкес, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-тар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де жұмыс істемейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2 және 11 мамыр кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-тар үшін жұмыс күні болып белгіленді. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ал мамандандырылған ХҚКО-тарда:
өтініштер 12:00-ге дейін қабылданады;
дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.
Мемлекеттік корпорация өкілдерінің мәліметінше, мереке күндерінен өзге уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалыпты жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.
Кезекші бөлімшелердің нақты тізімін:
gov4c.kz сайтынан;
ресми Instagram парақшасынан;
1414 байланыс нөмірі арқылы білуге болады.




