Жаңалықтар

Мамырдағы мерекелер: ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 2026 жылғы мамыр мерекелері кезіндегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-дың жұмыс кестесін жариялады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-тар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де жұмыс істемейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2 және 11 мамыр кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-тар үшін жұмыс күні болып белгіленді. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ал мамандандырылған ХҚКО-тарда:

 өтініштер 12:00-ге дейін қабылданады;

 дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.

Мемлекеттік корпорация өкілдерінің мәліметінше, мереке күндерінен өзге уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалыпты жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.

Кезекші бөлімшелердің нақты тізімін:

 gov4c.kz сайтынан;

 ресми Instagram парақшасынан;

 1414 байланыс нөмірі арқылы білуге болады.