Жаңалықтар

Медиа өкілдері арасында Жұмысшы мамандықтары жылына арналған байқау жарияланды

Әрбір номинация бойынша 3 жеңімпаз анықталады

  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Жұмысшы мамандықтары жылына арналған байқауға өтінімдер қабылдауды бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Байқаудың басты мақсаты – адал еңбегімен елге үлгі болған азаматтарды таныту, жұмысшы мамандық иелері мен олардың қызметін танымал ету, еңбекқорлық, адалдық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу.

Байқауға журналистер, блогерлер, контент-мейкерлер, видеографтар, мобилографтар, фототілшілер, теле-радио қызметкерлері, БАҚ редакциялары мен шығармашылық ұжымдар мына номинациялар бойынша қатыса алады.

• Үздік бейнеролик («Еңбек адамының бейнесі»)
• Үздік телесюжет (Еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын ілгерілету)
• Үздік фоторепортаж (Шебердің бір күні)
• Үздік радио сұхбат (Еңбек адамымен сұхбат)
• Үздік публицистикалық мақала (Еңбек әулетінің жетістігі тарихы).

 Өтінім 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін mdq.kz сайтында қабылданады.