Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 12:20
- 57
Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Ақордада өткен салтанатты жиында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Соның бәрін үнемдеп, ақылмен пайдаланған абзал. Жалпы, бұл – тұтас экономикаға ортақ талап. Ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Халқымыз "Үнемшілдік – ырыстың кілті" деп бекер айтпаған. Біз осы қасиетті ұлттық дағдымыз етіп, қоғамда мүлдем жаңа мәдениет қалыптастыруымыз керек. Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз – еліміздің энергетикалық дербестігінің мызғымас кепілі. Әділетті, Таза, Қуатты Қазақстанда өздеріңіз сияқты еңбек адамдары ең жоғары сый-құрметке лайық", – деді Мемлекет басшысы.
Тәуелсіздік күні Қазақстанда 725 сәби дүниеге келді
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық банк «Qazaq kúresi» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады
- авторСадуақас Айсұлу
- 15 желтоқсан, 2025



