Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына көңіл айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

  Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда болған «Вифа» тайфунынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.