Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
2025 жылғы 11 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кеңеске Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.
Президент қазір дүние жүзінде жасанды интеллектінің қарқынды дамуына байланысты сипаты мүлде жаңа технологиялық өзгерістер болып жатқанын атап өтті.
Президенттің айтуынша, қазір бұл саладағы бәсеке күшейді.