Жаңалықтар

Мереке күндері Шу мен Тараз арасында қосымша электрпойыз іске қосылады

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан комиссиясыз сатып алуға болады, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында қолжетімді.

Наурыз мерекесі кезінде жолаушылар ағынының артуына байланысты «Шу – Тараз» бағытында қосымша электрпойызы тағайындалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  «Жолаушылар тасымалы» компаниясына сілтеме жасап.

Электрпойыз 21, 22, 23, 28, 29 және 30 наурыз күндері қатынайды. Бұл жолаушылар үшін көлік қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қозғалыс кестесі

Шу стансасынан:

 • жөнелту — 05:00

 • Тараз стансасына келу — 08:41

Тараз стансасынан:

 • жөнелту — 12:40

 • Шу стансасына келу — 16:22

Электр пойызының құрамы 2 және 3 класты 4 вагоннан тұрады. Пойыздың жалпы сыйымдылығы 352 отыратын орын. Жол жүру құны

2 класс үшін 3 562 теңге, 3 класс үшін 2 946 теңге.

 Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.