Жаңалықтар

Оффтейк-келісімшарттар сомасы 7,6 есе өсіп, 1,1 трлн теңгеге жетті

Биылғы 11 айда отандық өндірушілермен 1,1 трлн теңге сомасында ұзақ мерзімді және оффтейк-келісімшарттар жасалды

 Бұл бытырғы көрсеткіштерден 7,6 есе артық. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген жаңа қолдау шараларының тиімділігі туралы Үкіметтің баспасөз конференциялары сериясы шеңберінде өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Өсімге мемлекеттік сатып алулардағы отандық тауарлар тізбесін 4,8 мың позицияға дейін кеңейту және жер қойнауын пайдаланушылар үшін Tizilim платформасын қайта жаңғырту ықпал етті.