сәрсенбі, 1 сәуір, 2026 1:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Олжас Бектенов ғылымға ұзақмерзімді инвестиция тартуды күшейтуді тапсырды

Олжас Бектенов ғылымға ұзақмерзімді инвестиция тартуды күшейтуді тапсырды
Фото: primeminister.kz
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді инвестиция тарту мәселесін көтерді.

Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұзақмерзімді инвестиция тартудың жаңа тетіктерін әзірлеу тапсырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Инвестиция тартуды ынталандыру керек. Қазіргі уақытта инновацияға қомақты қаржы саламын деп жүрген кәсіпкерлер көп деп айта алмаймыз. Мұндай үрдіс Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де солай. Сондықтан бизнесті ынталандыру тетіктері болуы керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қолданыстағы тәсілдер, оның ішінде коммерцияландыруға арналған гранттар, ҒЗТКЖ үшін салықтық преференциялар, эндаумент-қорлар және басқа да тетіктер туралы баяндады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар