Жаңалықтар

Қорғаныс Министрлігі: Сорбұлақта жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары тәулік бойы жалғасуда

Сорбұлақ су қоймасы маңында 25 шілдеде жоғалып кеткен EC-145 әскери тікұшағын іздестіру жұмыстары тәулік бойы тоқтаусыз жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Іздеу операциясына шамамен 400 адам, 70-тен астам техника, дрондар, эхолоттар, суасты сканерлері мен қызметтік иттер жұмылдырылған.

Іздеуді күрделендіріп тұрған басты факторлар: су асты бедерлерінің күрделілігі, тұнба қабатының қалыңдығы және көру мүмкіндігінің нөлге тең болуы. Операцияны оқиға орнында Әуе күштерінің қолбасшысы, генерал-майор Асқар Избасов басқарып отыр.

Іздестіру жұмыстары нақты нәтижеге жеткенге дейін жалғаспақ.