Қостанайда соққыға жығылған дәрігер есін жиды
Қазіргі жағдайы бастапқы кезеңнен айтарлықтай жақсарған.
Науқастың соққысынан зардап шеккен Антон Кистанов есін жиды. Жағдайы жақсарып, ол жансақтау бөлімінен неврология бөліміне ауыстырылды.
Дәрігер санитарлық авиациямен Астанадағы шұғыл медициналық орталыққа жеткізілген. Бас миы зақымдалып, шүйде сүйегі сынған.
Хирургке шабуыл жасаған науқас 2 айға қамауға алынды. Оған 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұл оқиға қоғамда үлкен шу тудырды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлеріне жасалған зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырып, әріптестеріне қолдау білдірді.
Министр сондай-ақ биылғы қыркүйекте Парламентке медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заң жобасы енгізілетінін атап өтті.