Жаңалықтар

Петропавлда нөсер жауыннан кейін көшелер мен жертөлелерді су басты

Нөсердің салдарынан құтқару қызметіне 100-ден астам қоңырау түскен

Петропавлда нөсер жауыннан кейін көшелер мен жертөлелерді су басты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Петропавлда құтқарушылар су сорғызу жұмысына кірісіп кеткен. 

Ведомство бұл жұмысқа 18 мотопомпа және 36 қызметкерді бөліп, су сору жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. 

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, облыс орталығында көше учаскелерін, аулаларды және кей үйлердің жертөлелерін су басты.