Президент Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда су тасқыны мен нөсер жауынның салдарынан көптеген адамның қаза тауып, зардап шегуіне байланысты көңіл айтты.
– Қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.