Жаңалықтар

Референдум – 2026: Кәсіпкерлер де өз таңдауын жасады

Айта кетейік, Жамбыл облысында референдумның 513 учаскесі жұмыс істеп тұр.

Референдум күні №5 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиядағы №35 референдум учаскесіне «Рысбаева және КО» ЖШС құрылтайшысы, «Ауыл» партиясы облыстық филиалы «Әйелдер, отбасы және балалар» комиссиясының төрайымы Сәуле Рысбаева келіп, өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, Жамбыл облысында референдумның 513 учаскесі жұмыс істеп тұр. Учаскелердің ең көп саны Тараз қаласында орналасқан – 154. Қордай ауданында – 58, Шу ауданында –44, Меркі ауданында – 41, Жуалы ауданында – 39 учаске бар. Өңірде референдумға қатысуға барлығы 721 993 азамат құқылы.