Жаңалықтар

"Сақ стиліндегі" 500 теңгелік жаңа банкнота айналымға шықты

Бұл "Сақ стилі" сериясымен шыққан бесінші банкнота.

Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығарады. Бұл – «Сақ стилі» сериясындағы бесінші банкнота, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жаңа ақшада көшпенділер мәдениеті мен қазақы ою-өрнекке негізделген ұлттық мұра бейнеленген.

Жаңа банкнот жаппай қолданысқа 2026 жылдың екінші тоқсанында енгізіледі. Себебі оларды өңірлерге жеткізу және банкоматтар мен төлем құрылғыларын бейімдеу үшін уақыт қажет.

Банкнот көк түсті. Бет жағында Бәйтерек бұтағы, қалықтаған құс, шексіздік символы және тарихи артефактілер бейнеленсе, артқы бетінде арқар, қазақы ою-өрнектер мен Мұзтау тауының көрінісі салынған.

Жаңа 500 теңгелік банкноттар 2017 жылғы үлгідегі банкноттармен 2027 жылғы 24 желтоқсанға дейін қатар айналыста болады. Осы кезеңде ескі ақшаны міндетті түрде айырбастау талап етілмейді.

2027 жылғы 25 желтоқсаннан бастап ескі банкноттарды банктер мен Қазпоштада 2030 жылғы 24 желтоқсанға дейін, ал Ұлттық Банк филиалдарында мерзімсіз айырбастауға болады.

Жаңа және ескі үлгідегі банкноттар қатар жүрген кезеңде Қазақстан аумағында толық заңды төлем құралы болып саналады және оларды қабылдаудан бас тарту заңға қайшы.