Жаңалықтар

Сауда министрі келер жылы Қазақстанда кейбір базарлар жабылуы мүмкін екенін айтты

Арман Шаққалиев елімізде базарларды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын еске салды.

 Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елдегі базарларды жаңғырты жоспары жөнінде айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz stan.kz сілтеме жасап.

Министрдің түсіндіруінше, мұндай шара сауда орындары көлеңкелі экономика мен көлеңкелі элементтер шоғырланған орынға айналмауы үшін қолға алынып отыр.