Шымкент – Бангкок: SCAT әуекомпаниясы жаңа бағытта рейс ашады
Рейстерді әуе компаниясы аптасына екі рет орындайды.
Шымкенттен – дүйсенбі және бейсенбі күндері, Бангкоктан – сейсенбі және жұма күндері ұшады.
Билеттер scat.kz сайтында, мобильді қосымшада, авиакассаларда және танымал онлайн платформаларда сатылуда.
Еске салайық, Қазақстан азаматтары Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады. Ал ұзақ мерзімге тұру үшін виза қажет.