Жаңалықтар

Шымкенттегі әкімдік ғимаратындағы өрттен құжаттар бүлінген жоқ – Сәрсен Құранбек

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары, әкімдік аппаратының ресми өкілі Сәрсен Құранбек мәлімдеді.

 Шымкент қаласының Абай ауданы әкімдігінде болған өрт салдарынан құжаттар бүлінген жоқ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, төтенше жағдай қызметінің өрт сөндірушілері дер кезінде әрекет етіп, жалынды толық сөндірген.

Өрт шыққан ғимаратта Абай ауданы әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті орналасқан болатын. Қазір аудан әкімдігі «AMANAT» партиясының ғимаратына уақытша қоныстанса, Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің қалалық департаменті Тәуке хан даңғылы №6 мекенжайына көшірілді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте Абай ауданы әкімдігінің ғимараты өртенгенін жазған болатынбыз.