Әскери қызметшілер 103 жасқа толған соғыс ардагерін арнайы құттықтады
Олар ардагерге Қорғаныс министрі атынан жолданған құттықтау хатын табыстады
Әскери қызметшілер 103 жасқа толған соғыс ардагерін арнайы құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алматы қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Зұлхарнай Сейітов 103 жасқа келді. Айтулы күнге орай оны Алмалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына қарасты әскери қызметшілер құттықтап барды.
Зұлхарнай Сейітов 1922 жылғы 27 желтоқсанда Ресейдің Омбы облысындағы Жаңа Қыпшақ ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдарында Сталинградтан Берлинге дейінгі майдан жолын басып өткен. Майдангер Қызыл Жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен және басқа да наградалармен марапатталған.