Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
Тәуелсіздік күніне орай халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі белгілі болды
Елімізде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары бұл күні жұмыс істемейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Азаматтардың жұмыс күндеріне арналған кесте төмендегідей:
15 желтоқсан (дүйсенбі) – жұмыс күні;
16 желтоқсан (сейсенбі) – демалыс күні, Тәуелсіздік күні;
17–19 желтоқсан (сәрсенбі–жұма) – жұмыс күндері.
Кезекші мамандандырылған ХҚО-ларда өтініштер жұмыс күндері 09:00–18:00 аралығында қабылданып, дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі.
Ал сенбі күні өтініш қабылдау 09:00–12:00 аралығында жүргізіліп, дайын құжаттар 13:00-ге дейін тапсырылады.