Тағы бір жол 2025 жылғы 17 тамыздан бастап ақылы болады
Ақтау – Бейнеу жолының бір бөлігі ақылы болады
2025 жылғы 29 шілдеде ҚР Транспорт министрінің міндетін атқарушы бұйрыққа қол қойып, республикалық маңызы бар Ақтау – Бейнеу автожолының кейбір учаскелерін ақылы негізде пайдалануға рұқсат берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осылайша, II санаттағы республикалық маңызы бар Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау автожолының Ақтау – Жетібай – Шетпе – Бейнеу аралығы ақылы жүйеге енгізілді.
Жүргізушілер үшін баламалы бағыттар да қарастырылған: Ақтау – Құрық, Құрық – Жетібай республикалық жолдары, сондай-ақ Жетібай – Жаңаөзен, Жетібай – Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы, Жаңаөзен – Қызылсай (аудандық маңызы бар), Сай-Өтес – Қарақұдық – Қызылсай (облыстық маңызы бар) жолдары арқылы қозғалыс жасауға болады.
Ақылы жол учаскесінің басталуы – 786 км, аяқталуы – 513+850 км. Жалпы ұзындығы – 272,15 шақырым. Жолда екі бағытта бір және екі жолақ қарастырылған. Бұл учаскені ақылы түрде пайдалану мерзімі – 20 жыл.
Сонымен қатар, жолды пайдалануға арналған төлем мөлшерлемелері де бекітілді:
Толық учаске үшін төлем мөлшері (2025 жылға):
Жеңіл көлік – алдын ала төлем: 127 тг (0,0325 МРП), кейін төлеу: 149 тг (0,0379 МРП);
16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 1698 тг (0,4319 МРП), кейін төлем – 2000 тг (0,5082 МРП);
32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 3428 тг (0,8719 МРП), кейін төлем – 4035 тг (1,0261 МРП);
32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі автопоездар – 5120 тг (1,3022 МРП), кейін төлем – 6026 тг (1,5327 МРП);
10–15 тонна аралығындағы жүк көліктері – 6856 тг (1,7438 МРП), кейін төлем – 8063 тг (2,0507 МРП);
15 тоннадан асатын жүк көліктері (тіркемелері бар тартқыштар қоса алғанда) – алдын ала: 8555 тг (2,1757 МРП), кейін төлем: 10061 тг (2,5589 МРП).
Жеңіл көліктер үшін ай сайынғы абоненттік төлем қарастырылмаған, ал автобустар мен жүк көліктері үшін ол 1-ден 5 МРП аралығында белгіленген.
Жылдық абоненттік төлем:
Жеңіл көліктер – 1 МРП (3932 тг),
Автобустар мен жүк көліктері – 12–60 МРП аралығында.
Бұл бұйрық 2025 жылғы 17 тамыздан бастап заңды күшіне енеді.